Кешенді күрес – сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл

242

0

 Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қала колледждерінде, «Облыстық медициналық орталығы» ШЖҚКМК, қалалық аурухана мен амбулаториялық-емханалық қызметі бар «Жалағаш аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚКМК-де, ауданның халыққа қызмет көрсету орталығында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» тақырыбында семинарлар, қоғамдық қабылдау, көпшілік акциялар ұйымдастырылды. Оған қала және аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала мамандары, білім және медицина салаларының қызметкерлері қатысты.

Шараларда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Анар Сәлімжанқызы мен қор директоры, халықаралық құқық қорғау орталығының кәсіби медиаторы Жандос Тұсмағамбетов тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша хабарлама жасап, қала және аудан тұрғындарының сауалдарына жауап берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<