1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Сыр өңірінде «Бірлік марафоны» ұйымдастырылды. Татулық пен ынтымақты ту еткен жалпыхалықтық марафонға Қызылорда облысынан бөлек Ақмола, Абай облыстарының тұрғындары қатысып, барлығя 1000-ға жуық адам жарыс алаңына шықты.
Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бастамасымен өткен игі шараның негізгі мақсаты – ел бірлігін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыру.

Марафон шаһардың сол жағалауында ұйымдастырылып, қатысушылар 5 шақырымдық қашықтықты бағындырды.
Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар келесідей:
Ерлер арасында:
І орын – Бурамбаев Нұрбол (18 минут 23 секунд)
ІІ орын – Әбілқасымов Мадияр (18 минут 46 секунд)
ІІІ орын – Тұрсымбай Бақберген (19 минут 03 секунд)

Әйелдер арасында:
І орын – Мырзашқызы Сымбат (23 минут 35 секунд)
ІІ орын – Мырзашқызы Қымбат (24 минут 59 секунд)
ІІІ орын – Шманова Әсем (28 минут 31 секунд)
Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы