Сыр көгіндегі сырлы әуен

277

0

Кеше Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Қоғалыкөл ауылдық клубының жұмысымен танысып, «Сыр көгіндегі сырлы әуен» атты ауылдық клуб үйірмелерінің концерттік бағдарламасына қатысты.

Аталған ауылдың мәденеиеті де таланттарға кенде емес. Аудан басшысы ең алдымен клуб үйінің жалпы жұмысымен танысты. Қоғалыкөл ауылдық клуб үйі 2012 жылы салынып, пайдалануға берілген, 150 орындықты көрермендер залы бар. Қоғалыкөл ауылдық клуб үйінің жанынанан құрылған 5 үйірме жұмыс жасайды.

Ауылдық клубта өткізілген «Сыр көгіндегі сырлы әуен» атты клуб үйірмелерінің концерттік бағдарламасында жас таланттар ән шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қоғалыкөл ауылы – Сырдария ауданындағы ерекше елді мекендердің бірі. Бұл ауыл Тұрсынбай датқа тұрғызған «Құлболды» ишан кесенесі тұрған жер. Батысында ең биік «Жетімасар» құмы тұр. Соғыс жылдарында колхоздың бидай еккен жері – «Қырық жігіт» алқабы да осы жерде. Ауыл маңында орта ғасырлық Баршынкент шаһарының орнына үшінші жыл қатарынан археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл даңқын жоғарғы кеңеске депутат, мемлекеттік сыйлықтың иегері болған Жаңбырбай Қожауов, егіс, мал фермаларын басқарған Сражаддин Әбибуллаев, бұлардың ізін қуа Рабиға Іздіқұлова, механизатор күрішші Гүлжауһар Әдікенова, Гүлнар Әлекеева мен Рахима Досжановалар ел мақтанышына айналды. Ауылдан тұңғыш Ленин орденін алған механизатор Жақсылық Алдамұратов та осы ауылдан.

Бұл ауыл алаштың азаматтары Серәлі, Сейдәлі Лапин, Мұңайтпасовтар, сонан соң сахна жұлдызы, шебер актриса, театр падишасы атанған Сәбира Майқановалардың кіндік қаны тамған жер. Ауылдың батыс беткейінде «Қожықтың қыстауы» деген жер әлі бар. Бұл әйгілі «Қыз Жібек» фильмін әлемге танытқан режиссер Сұлтан Қожықовтар әулетінің ата қонысы болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<