Сыр өңірінде аудан орталықтарын газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр

278

0

Елбасы ұсынған әлеуметтік бастамалардың бірі: елді-мекендерді газдандыру бойынша Сыр өңірінде аудан орталықтарын газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы екі жылда Жосалы, Жалағаш және Тереңөзек кенттері көгілдір отынға қосылмақ. «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына келген азаматтар осындай  қуанышты хабарды естіп қайтты.
Айта кету керек бүгін партия филиалының қабылдауында «ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Бауыржан Сәтмағанбетов тұрғындарды қабылдап, газдандыру мәселесіне қатысты сауалдарына жауап берді. Елбасы бастамасының орындалуын жүзеге асырушы жауапты мекеменің өкілі тұрғындар сауалдарына жауап беріп қана қоймай,жақсы жаңалықтармен  қуантты.
– Облыс бойынша Бейнеу-Бозой-Шымкент магистральды газ құбырына Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарының орталығы мен Байқоңыр қаласы қосылған. Бүгінде Жосалы кентіндегі автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Ал Сырдария және Жалағаш аудандарынан салынатын автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысына бюджеттен қаржы бөлінген.Мамандар Қызылорда қаласының сол жағалауын газдандыру жобасы бойынша да құрылыс жұмыстарын жалғастырып жатыр,-деді «ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары.
Сонымен қатар Бауыржан Сәтмағанбетовмамандар көгілдір отын тартылмаған қала іргесіндегі елді мекендер мәселесін де кезең-кезеңімен шешу тиісті басқармалар арқылы қарастырылып жатқандығын да тілге тиек етті.
– Партия қабылдауына келген азаматтардың басым бөлігі қала маңайындағы елді мекен тұрғындары болғандықтан жақын елді мекендерді газдандыру, газ тарифтері мен төлем мәселелеріне қатысты сауалдар алаңдаттандығын айтты. Қазір жақын елді мекендерді газдандыру мәселесін шешу жолдарын облыстық басқармалар мен тиісті әкімшіліктер қарастырып жатыр. Ал төлем мәселелеріне қатысты қазір барлығы цифрландырылған. Касса жағалап, немесе кезекке тұрып уақыт жоғалтпай ғаламтор арқылы үйде, болмаса Qiwi төлем терминалдары арқылы төлеуге барлық жағдай жасалаған, – деді «ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Бауыржан Сәтмағанбетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<