Сырдария ауданында экономиканың негізгі көрсеткіштері жыл басынан бері тұрақты өсім көрсетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Берік Сәрменбаев мәлімдеді.
Жыл басында 10 млрд теңге болып бекітілген аудан бюджеті нақтыланып, 13 млрд теңгеге жетті. Алты айдың қорытындысымен өнеркәсіп орындары өндірген өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есеге өссе, өңдеу өнеркәсібі 32,2 пайызға артты.
– Кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстар да жүйелі жалғасуда. Бүгінде ауданда 2314 белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы ондаған жоба қаржыландырылып, өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамытуға жеңілдетілген несиелер берілді. Мемлекет қолдауының нәтижесінде аудан экономикасының барлық негізгі саласында оң серпін қалыптасты. Алдағы уақытта инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа өндіріс орындарын ашу жұмыстарын жалғастырамыз, – деді аудан әкімі Берік Сәрменбаев.
Өңірлік коммуникациялар қызметі






