Сырдарияда республикалық ән байқауы өтуде

1267

0

Сырдария аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда қаласы және Сырдария ауданының «Құрметті азаматы», композитор Рамазан Тайманов атындағы бірінші республикалық ән байқауы басталды. Аталған шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев І республикалық «Қазақ қызы» конкурсының ашылу салтанатына қатысты.

– Киелі Сырдың топырағы-талай талантты ақын-жазушыларды, сазгерлер мен әншілерді, небір дүлдүл дарын иелерін дүниеге әкелген қасиетті мекен. Осындай тума таланттардың бірі, елімізге «Қазақ қызы» әнімен танылған белгілі сазгер Рамазан Тайманов десек қателеспейміз.

Рамазан Сағындықұлы, жастайынан өнерді жанына серік етіп, халық жиналған орталарда ән салып, алдына үлкен сахнаға шығамын деген мақсат қойып, дарынымен дараланған талант. Көптеген әндердің авторы және шәкірттері республикалық, халықаралық ән байқауларының жеңімпазы. «Жас қанат» байқауы мен «Азия даусы» фестивалінде әндері 1-ші орын алып «Ең үздік композитор» атағын иеленді. Композитордың атындағы ән байқауы туған жерінде аудандық деңгейден бастау алып, жыр додасы республикалық ән байқауына ұласып отыр, – деді аудан басшысы құтықтау сөзінде.

Сонымен қатар аудан әкімі ән байқауына қатысып жатқан өнерпаздарға сәттілік тілеп, жеңіс тұғырын бағындыруда тілектестігін білдірді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<