Бүгін Қазақстан аумағында тұман түсіп, қатты жел тұрады, көктайғақ болуы мүмкін

420

0

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Қазгидромет ел аумағында 9 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Kazinform.

Синоптиктердің мәліметінше, ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

«Жауын-шашын түседі, елдің солтүстік жартысында да жауын-шашын, көбінесе қар бұрқасынмен, оңтүстік жартысында көбінесе жаңбыр түрінде жауады. Тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысыныда ауа райы жауын-шашынсыз», – делінген хабарламада.

Еліміз бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<