Республикалық жыр додасына Астана қаласынан Еркебұлан Қайназаров пен Мейірбек Сұлтанхан, Алматы қаласынан Шұғайып Сезімхан, Қарағанды қаласынан Мақсат Ақанов, Батыс Қазақстан облысынан Жансая Мусина, Түркістан облысынан Анар Жаппарқұлова, Ақтөбе қаласынан Әлихан Жақсылық, Қызылорда қаласынан Ереңіс Әбдиев, Мұхтар Ниязов және Сырдария ауданынан Нұрмат Мансұров қатысты.
Айтысты елімізге белгілі ақын Жүрсін Ерман жүргізді.
Айтыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Ғанибек Қазантаев мерейтой қонақтары мен аудан тұрғындарын ауданның 90 жылдық мерейлі мерейтойымен құттықтады.
Республикалық жыр додасына қатысушыларға ақын, Қазақстынның еңбек сіңірген қайраткері Е.Әбдіхалықова бастаған ақын А.Әлтаев, З.Ибадуллаев, Қ.Есімсейітова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Ғ.Тұяқбай төрелік етті.
Тартысты өткен сөз додасының бас жүлдесін сырдариялық ақын Нұрмат Мансұров еншілеп, жеңіл автокөлікті иеленді. Айтыс бас бәйгесін иеленген ақынға марапатты аудан әкімі Ғанибек Қазантаев табыстады.
Жүлделі І-орын Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Жансая Мусинаға бұйырып, 500 000 мың теңгенің сертификаты берілді.
Ал, 400 000 мың теңгелік қаржылай сыйақысы бар ІІ-орынмен Астана қаласынан келген Мейірбек Сұлтанхан марапатталды.
Жүлделі ІІІ-орын және 300 000 мың теңге қызылордалық Мұхтар Ниязовқа берілді.
Сонымен қатар, айтысқа қатысушы ақындардың барлығына 200 000 мың теңгелік сыйақысы бар шабыттандыру сыйлығы берілді.
Айтыстың марапаттау салтанатында сөз алған ақын Жүрсін Ерман айтысты ұйымдастырған аудан әкімі Ғанибек Қазантаевқа ерекше алғысын білдірді.
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<