ІТ-парк жұмысына жоғары баға берді

233

0

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шайымова Қызылорда облысындағы сапары барысында Қызылорда қаласындағы IT-парк жұмысымен танысты.

Еліміздегі цифрландыру аясында құрылған ІТ-парк – бұл ақпараттық технологиялар саласында қызмет атқаратын технопарк, белсенді және талантты жастардың өз идеяларын жүзеге асыруына зор мүмкіндік беретін орын. ІТ-парк ішінде 3D-моделдеу технологиясы, VR/АR студия технологиялары, ІТ-өнімдерге арналған коворкинг орта, техно – шеберханалар (зертханалар), робототехника, ІТ-академия және конференц қызметтер жүзеге асырылуда.

ІT-парк жұмысымен таныстырған облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Индира Ақжігітованың айтуынша,мұнда талантты жастар өздерінің стартап-жобаларын әзірлеп, оларды жүзеге асыру үшін инвесторларды тарта алады. Агенттік төрағасының орынбасары А.Шайымова IT-парктің мүмкіндіктеріне риза болып, оның жұмысына жоғары баға берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<