Табиғат байлығы түпсіз емес

418

0

Табиғатты сақтау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысы Ғалымжан Орақбаев мәлімдеді.


Орман қоры жерлері 6,5 млн гектарды құрайды, оның ішінде 2,7 млн гектары сексеуіл алқабы. Мемлекеттік орман қоры жерлерін қорғау, сақтау, қалпына келтіру мен пайдалану шараларын 8 мекеме реттейді. Өрттің алдын алу мақсатында маусым белгіленді. 26 мамырдағы жағдай бойынша аумағы 199,31 гектарды құрайтын 35 өрт оқиғасы тіркелген. Шығын көлемі 9 млн теңгеден астам. Тілсіз жаудың 3 жағдайында ғана кінәлілер анықталып, жауапқа тартылған.


Жер көлемі 9405,437 мың гектарды құрайтын 40 аңшылық алқап бар. Оның 30-ы облыс әкімінің қаулысымен 26 пайдаланушыға бекітілген. Аңдарды қорғау мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды. «Киік» акциясы аясында заңсыз аң аулау деректері тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған.


Кіші Арал теңізі мен жергілікті маңызы бар көлдерден балықтың 14 түрі ауланады. 207 көлдің 84 проценті табиғат пайдаланушылардың бақылауына берілсе, 27 көл резервтік қорда. Көктем мезгілінде «Уылдырық», «Таза су айдындары» акциялары республика көлемінде өткізіліп келеді. Биыл «Уылдырық-2020» акциясы аясында 92 заң бұзушылық орын алған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<