«Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығы» КММ директоры тағайындалды

852

0

Облыстық білім басқармасы басшысының 2023 жылғы 26 шілдедегі №148-ЖҚ/1 бұйрығымен «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры лауазымына Досаев Фархат Лиясұлы тағайындалды.

Фархат Лиясұлы 1988 жылы 22 қаңтарда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел ауылында дүниеге келген. 2005-2008 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік колледжі«Дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі» 2008-2011 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Қызылорда қаласындағы №3 гимназияда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған. Сонымен қатар 2014 жылдан бастап Сақтапберген Әлжіков атындағы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды.

Осы кезге дейін Сақтапберген Әлжіков атындағы орта мектептің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<