Тәуелсіздіктің тірегі-Ата заң

562

0

Бүгін Полиция департаментінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, департамент басшылығы мен жеке құрам қатысты.
Мерекелік шара барысында Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ахметжанов Марат Мұратұлының мерекелік жедел хаты оқылды. Ішкі істер министрінің бұйрығымен департаменттің 18 қызметкері марапатталды.
Конституция күніне орай ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрамды марапаттадым. Қызметтік міндеттерін адал атқарған, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен департаменттің 561 қызметкері, оның ішінде 164 ардагер марапатталды.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Концертте полиция қызметкерлерінің өнерлері де тамашаланды.
Құрметті отандастар! Ата Заңымыз – тәуелсіз еліміздің алтын қазығы, кемел келешегіміздің кепілі. Қай елдің болмасын заңға бағынбай өсіп-өркендеуі мүмкін емес. Сондықтан да тәуелсіздік тірегіне айналған Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеу біздің парызымыз.Сіздерді Конституция күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт – береке, ынтымақ тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Бірлігіміз нығая берсін, еліміздің іргесі берік болсын!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<