Тайваньда жер сілкінісінен төрт адам қаза тауып, 97 адам жарақат алды

157

0

Фото: pixabay.com

Тайваньдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны төрт адамға жетті, тағы 97 адам зардап шекті, деп хабарлады Қазақпарат.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, Тайваньның шығысында болған күшті жер сілкінісі Қытайдың шығысындағы бірқатар провинцияларда анық сезілген.

Тайваньдағы күшті жер сілкінісіне байланысты Қытайдың шығысындағы темір жолдардың кейбір учаскелерінде пойыз қатынасы тоқтатылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Магнитудасы 7,2 бар жер сілкінісі сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:58-де (Астана уақытымен 04:58) болып, бүкіл Тайваньда сезілді.

Жергілікті сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы аралдың шығыс жағалауында, Хуалянь қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде, ошағы 15,5 шақырым тереңдікте болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<