Такси жүргізушісі көлігінде қалып қойған 1,5 млн теңгені иесіне қайтарып берді

190

0

Семей қалалық полициясына 12 қарашада 42 жастағы жергілікті тұрғын 1,5 миллион теңгесі бар пакетін жоғалтып алғанын айтып шағымданған.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жәбірленушінің «ВАЗ-2107″ автокөлігінің салонында пакетін қалдырып кеткенін айтты. Ол өзін Әуезов даңғылы бойына жеткізіп тастаған автокөліктің түсін де, мемлекеттік тіркеу нөмірін де жаттап қалмаған», – делінген хабарламада.

Кейін анықталғандай, көлік жүргізушісі көлігінде қалып қойған пакетті алып, ақшаны иесіне қайтарып берген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<