
Оқу-жаттығудың мақсаты адам көп шоғырланатын жерде халықты қауіпсіз жерге көшіру және өрт ошағын сөндіру және «Нұр» базарының қызметкерлерінің өрт кезінде атқарылатын іс-әрекеттерін тексеру болды.
Жаңақорған ауданы ТЖБ-нен 3 қызметкер 1-«San Yong Kyron» автокөлігі, Жаңақорған ауданы ӨСБ-нен 26 қызметкер 4 өрт сөндіру автокөлігі, Жаңақорған ауданының жедел жәрдем қызметінен 3 қызметкер 1 техника, Жергілікті полиция қызметінен 9 қызметкер 4 бірлік автокөлігі, Электр тарату торабынан 2 қызметкер 1 техника және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-нан 3 қызметкер 1 бірлік техника қатыстырылды. Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға барлығы 12 техника 46 адам қатыстырылып, әр қызмет өз саласы бойынша тиісті жұмыс атқарды.
Оқу-жаттығу барысында өрт өшағы 80 м2 құрап, «Нұр» базарының қызметкерлерінің өрт кезінде хабар беру және халықты қауіпсіз жерге көшіру, одан әрі өрт орнына келіп жеткен күш-құралдарының бірлескен іс-әрекеттерін үйлестіру бағыты бойынша және халықты қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары атқарылды.
Оқу-жаттығу барысында «Нұр» орталық базарының 12 қызметкерлері мен 50 адам келушілері қауіпсіз жерге көшіріліп, Гарнизон басшылығы оқу-жаттығудың өту барысына талдау жүргізді.
Жаңақорған ауданы ТЖБ
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<