Жаңақорған кентінде орналасқан адам көп шоғырланатын «Нұр» орталық базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, – деп хабарлайды аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.
Оқу-жаттығудың мақсаты адам көп шоғырланатын жерде халықты қауіпсіз жерге көшіру, өрт ошағын сөндіру және «Нұр» базарының қызметкерлерінің өрт кезінде атқарылатын іс-әрекеттерін тексеру болды.
Аудандық ТЖБ-дан 3 қызметкер, 1-«San Yong Kyron» автокөлігі, ӨСБ-дан 26 қызметкер, 4 өрт сөндіру автокөлігі, жедел жәрдем қызметінен 3 қызметкер, 1 техника, Жергілікті полициядан 9 қызметкер, 4 бірлік автокөлігі, электр тарату торабынан 2 қызметкер, 1 техника және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-дан 3 қызметкер, 1 бірлік техника қатыстырылды. Әр қызмет өз саласы бойынша тиісті жұмыс атқарды.
Оқу-жаттығу барысында өрт ошағы 80 м2 құрап, оған келіп жеткен күш-құралдарының бірлескен іс-әрекеттерін үйлестіру бағыты бойынша және халықты қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары атқарылды.
Гарнизон басшылығы оқу-жаттығудың өту барысына талдау жүргізді.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<