Талдықорғанда Ақын Сараның мүсініндегі домбыраны ұрлап кетті

391

0

Талдықорғанда Ақын Сараның мүсініндегі домбыраны ұрлап кетті Талдықорғанда Ақын Сараның мүсініндегі домбыра ұрланды. Вандалдар Қазақстандағы жалғыз ақын әйелге арналған ескерткішті де талқандап кетті. Мүсіндегі домбыраны қолды қылған ұрылар оны сатып, қалталы болуды көздеген секілді. Өйткені мүсін нарықта сұранысқа ие болатын түсті металдан, мыс пен мырыштан жасалған. Бұл туралы 31 арна-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ал, жалғыз ақын әйелге арналған мүсіннің жағдайын көрген тұрғындар қаладағы көрікті орындарды патрульдер күзетуге міндетті дейді.

«Арасында бақылап, қарап тұру керек қой. Патрульдер осы үсін жүр емес пе. Біз салық төлейміз. Олар айналаны қарап, тексеріп тұруға міндетті»,-дейді қала тұрғыны Ержан Амандосов.

«Бұл ең алдымен біздің мәдениетіміздің көрінісі. Менің ойымша, бәрін бұзып талқандау және ұрлау ең сорақысы»,-дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Татьяна Лазарева.

Ақын әйелге арналған жалғыз ескерткіші 1993 жылы орнатылған. Домбырада ойнап отырған Сара Тастанбекқызының мүсіні құстармен және бұғазбен қоршалған.

Мүсіндегі домбыра осымен екінші рет ұрланып отыр. Осындан 12 жыл бұрын да оны бұзақылар ұрлап кеткен болатын. Сонда полицейлер домбыраны өз орнынаа қайтарып, ұрыларды жауапқа тартты. Дегенмен, мыс пен мырыш қорытпасынан жасалған домбыра заманауи тонаушыларға тыныштық бермеді.

Полицейлер бағалы домбыраны іздеп, барлық металл қабылдау пункттерін тексеріп шықты. Сондай-ақ, олар тұрғындардан ұрланған домбыра туралы қандай да бір ақпарат білетін болса 102 немесе 60-88-00 телефондарына хабарласуларын сұрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<