Талсуат ауылдық округі: 2023 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер

461

0

Фото: Қала әкімдігі

Баспасөз орталығында өткен брифингте Талсуат ауылдық округінің әкімі Ерлан Бейсенбаев 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады.

Өткен жылы тұрғындардың сұранысына сәйкес ауылдық округтегі 8 көшеге асфальттау жұмыстары жүргізіліп, 2 көшеге жарық бағанасы орнатылды. Сондай-ақ, 13 көше электр желісімен жабдықталды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласы бойынша 66 гектар жерге, оның ішінде 25 га картоп, 27 га көкөніс, 14 бақша дақылдары егіліп, мал саны 2533 басқа жетті, – деді ауылдық округ әкімі Ерлан Тұтқабайұлы.

Ауылдық округте 176 шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде. Өткен жылы 26 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, 26 тұрақты жұмыс орны ашылды. 4 тұрғын грант иегері атанып, түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында 13 жоба қаржыландырылды. Бұл жобалардың ішінде клиника, жылыжай құрылысын жүргізу, мал басын көбейту және жүк тасымалдау жобалары қамтылған.

Брифинг барысында ауыл әкімі ауылдағы биыл атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті. 2024 жылы ауылдық округте С. Нұрмағанбетов, Ақмешіт, Атырау, Құмкөл көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы жүргізілетін болады. Ақтау, Ақмешіт, Астана, Алматы, Отырар, Сейхун, О. Сауытбаев көшелеріне түнгі жарық бағаналары орнатылады.

Қызылорда қаласының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<