ТАНЫМ МЕН ТАРИХТЫҢ БАСТАУЫ

394

0

 Шиелі ауданындағы Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде мамырдың 18-і күні Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай «Музей-таным мен тарихтың бастау бұлағы» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік шараны Құттығыз Ыханова бастаған музей қызметкерлері ұйымдастырды. Аталған шара аясында Шиелі ауданындағы бірнеше мектептерде ашылған қоғамдық негіздегі музейлер арасында «Музей-өлкенің тарихы, халықтың қазынасы» атты көрме ұйымдастырылды.
Жинақталған тарихи маңызы зор құнды дүниелерді жаңғырту, бабалар мұраларын насихаттап, сол арқылы өткен тарихымызды білу. Мақсатында ұйымдастырылған көрмеде мәдени мұраларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізе отырып, қоғам мүшелеріне тәлім-тәрбие беруді жүзеге асырылды. Мерекелік іс-шарада мектеп оқушылары өздері дайындаған музей туралы өлеңдерін оқып, әндер айтып, би биледі, әдеби монтаж орындап, мерекелік шараның көркін қыздырды. «Музейге сый» акциясы барысында музейге бір экспонаттан сыйға тартты. Аудандағы «Нартай өнер мектебінің» ұстаздары ән шырқады. Ы.Жақаев ауылында тұратын әжелерден құралған «Асыл әжелер» ансамблі Серікбай Бегалиевтің «Қызылту вальсі» әнін орындады. Сонымен қатар  жас ұрпаққа салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында келі түю, диірмен тарту, табаға нан жабу, құрт жаю, күбімен айран пісу, майсөк жасау, бауырсақ пісіру, самаурын қайнату тәрізді көріністер көрсетті. Нәтижесінде аталған іс-шараға қатысып, белсене атсалысып, тарихи мұраларымызды келешек ұрпақ еншісіне қалдыруда және насихаттауда өз үлестерін қосқан әжелер Алғыс хаттармен марапатталды.
Шара соңында түрлі ойындар ойналып, концерт көрсетілді.

Н.Назымханұлы,
Шиелі ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<