«Тарихты тағылым еткен қаламгер»

249

0

Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №268 мектеп-лицейінде  жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың 70 жасқа толуына орай облыс әкімдігінің мерейтойлық шаралар ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тарихты тағылым еткен қаламгер» атты  жазушымен кездесу өткізілді.

Жазушының шығармашылығын насихаттау, үлкенге құрмет көрсетіп, еңбектерімен таныстыру мақсатында «Дара жол» бағдарламасының үлгісімен ұйымдастырылған мағыналы шараға қала мектептерінен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және жазушының көнекөз  достары, замандастары Жұматәлі Әбдіраман, Толыбай Абылаев,  Шанжархан Бекмағанбетов,  Сайлаубай Әбішев  қатысып, өткен жылдардан естеліктер айтып, сұхбат жүргізді.

 Бегімбай Ұзақбаевтың өмірі ұрпаққа, ұстаздарға үлгі, өнеге. Бегімбай ағайдың шыққан биігі тынымсыз еңбектің, ізденістің, шығармашылықпен жұмыс істеуінің нәтижесінде келген биіктік.

Шараның соңында  жазушы өзінің тарихи романдарының топтамасын №268  мектеп ұжымына тарту етсе, білім бөлімінің әдіскері Р.Мұхашова құттықтау сөз сөйлеп, жазушыға  бөлім басшысы А.Нұрсейітовтің  құттықтау хаты мен шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.

Қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<