ТЕКСЕРІС НӘТИЖЕСІНДЕ ТАРИФ ТӨМЕНДЕДІ

346

0

ТЕКСЕРІС НӘТИЖЕСІНДЕ ТАРИФ ТӨМЕНДЕДІ Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» реформасының 51-қадамы  «Өңірлік электр желілік компанияларды кеңейту» деп аталады. Бұл бастама энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендетеді. Елбасы бастамашы болған реформаны жүзеге асыру жұмыстары біздің облыста да жүйелі атқарылуда.  
Жуырда Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің тапсырмасына, «Электр энергетикасы туралы» Заңның 13-1-бабының 6-тармағынына орай электр энергиясын тарату қызметін көрсететін энергия таратушы ұйымдардың талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізілді.
 «Қорқыт Ата» әуежайы» АҚ энергиямен жабдықтау ұйымындағы ішінара тексеруде электр станциялары мен тораптарын техникалық пайдалану ережесіне сәйкес диспетчерлік технологиялық бақылауды ұйымдастыру талаптары сақталмағаны анықталды.
Ал «Шиелі-Энергосервис» ЖШС-нің электр энергиясын жеткізу жұмысына жасалған тексеруде электр станциялары мен тораптарын техникалық пайдалану ережесінің диспетчерлік технологиялық бақылауды ұйымдастыру талаптарына сәйкессіздігі анықталды.
Осы ұйымдарға заң бұзушылықтарды жою үшін нұсқама шығарылды.
Сонымен қатар, табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік органға осы ұйымдардың заң талаптарын сақтамағаны туралы  мәліметтер, жіберіліп, нәтижесінде олардың электр энергиясын тарату тарифтері төмендеді.
С. ҚАЛЖАНОВ,
ҚР Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау
комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<