Тексеру жүргізілуде

34

0

Қызылордада полицейлермен террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес, Қызылорда облысының Полиция департаментімен облыс көлемінде орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына жыл сайын тексеру жұмыстары жүргізілуде.

2018 жылы жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде Заң талаптарына сәйкес келмейтін нысандар анықталды.

Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149-бабына сәйкес, өзіне сеніп тапсырылған нысанның терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздіктің тиісті деңгейде сақтау жөнінде міндеттерін тиісінше орындамаған 31 объектінің басшысы сот органдарының шешіміне сәйкес жауапкершілікке тартылып, оларға 27 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.

Қызылорда облысы 

Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз