
Қарапайым телефон тұтынушысы қолындағы құрылғының қандай мүмкіндіктерге ие екенін толықтай білмейді. Сол себепті де, гаджетті жерден алып жерге салып, қуаты тез таусылады деп көңілі толмай жатады. Құрылғыны қуаттауға арналған пауербанк батареялары қазір кеңінен қолданылып жүр. Қалтаға салып, өзіңмен бірге алып жүруге ыңғайландырылған қосымша қуат көзі бүгінде айрықша маңызға ие. Германия ғалымдары дәл осы құрылғының негізінде телефонды жылдам қуаттайтын жаңа технология ойлап тапты. Су жаңа құрылғы жайында Advanced Functional Materials басылымы жазды. Мақаладағы ақпарат бойынша, неміс ғалымдарынан жасақталған топ көлемі 3 милиметрден аспайтын бөлшектерден осы қуаттаушы құралды жасаған. Бұл жобаның авторы Юлих қаласындағы энергия және климатты зерттеу институтының қызметкері – Дина Фаттахова-Рольфинг.
Массагет.кз сайтынан
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<