Темекі қымбаттайды

163

0

Қазақстанда темекі өнімдерін сатудың жаңа шарттары 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Осыған байланысты темекі белгіленген мерзімінен бұрын қымбаттайды, – деп хабарлайды «Хабар 24».

Телеарна мәліметінше, жаңа таңбалау жүйесіне байланысты темекі өнімдері алты пайызға қымбаттайды. Егер қазір бір қорап темекі орташа есеппен 440 теңге болса, 1 қазаннан бастап 470 теңге болады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері цифрлық таңбалау тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін, сондай-ақ контрафактінің қазақстандық нарыққа енуіне жол бермейтінін атап өтті. 

Сондай-ақ, дереккөз мәліметінше, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір қорап темекі орташа есеппен 500 теңге, тағы жарты жылдан кейін – 520 теңге болады. Ал 2023 жылға қарай оны 600 теңгеге сатып алуға болады. Бұл таңбалаумен емес, акциздік ставканың өсуімен байланысты дейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз