Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлеріне іздеу жарияланды

607

0

Қаржылық мониторинг агенттігі олардың «Tengri Bank» АҚ бұрынғы басшылығының ісі бойынша іздестіріліп жатқанын хабарлады.

Агенттік мәліметінше, халықаралық іздеу жарияланған «Tengri Bank» АҚ экс-қызметкерлері: Tengri Bank АҚ Әкімшілік-шаруашылық департаментінің бұрынғы директоры Бақытов Алмас Бақытұлы, 1977 жылы туған. оның бақылауындағы компаниялардың бірінің басшысы Рахметова (Байжанова) Тоғжан Тілеужановна, 1991 жылы туған. Оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Tengri Bank-тің іздеудегі экс-менеджерлері туралы ақпарат білетіндер 8 (7172) 708-478 немесе 8 777 111 93 77 телефондарына қоңырау шалуға болады.

Tengri Bank экс-менеджерлері 5,4 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінген. Еске салайық, Tengri Bank 2020 жылғы қыркүйекте лицензиясынан айырылған болатын.


turkystan.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<