Теннис: Зарина Дияс Хиросима турнирінің жартылай финалына шыға алмады

187

0

Қазақстандық Зарина Дияс Жапонияда өтіп жатқан Хиросима турнирінің жартылай финалына шыға алмады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ширек финалда Зарина осы жарыстың бірінші, әлемнің 41-інші ракеткасы, қытайлық Чжан Шуаймен кездесті. Дүниежүзілік рейтингте 65-інші сатыда тұрған қазақстандық теннисші Хиросимада алтыншы ракетка болып тіркелген еді. 2 сағат 13 минутқа созылған матчта Ч.Шуай 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Қытайлық спортшы бәсеке барысында төрт брейк жасаса, Зарина екі-ақ брейкке қол жеткізді. Сөйтіп З.Дияс 2017 жылы Токиода өткен Japan Women\’s Open жарысында жеңімпаз атанса, биыл сол жетістігін қайталай алмады. Өткен жылы бұл турнирде Ч.Шуай З.Диястан жеңіліс тапса, биыл қарымта қайтарды. Ч.Шуай финалға шығу үшін америкалық, рейтингте 134-інші орындағы Аманда Анисимовамен күш сынасады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын З.Диястың Хиросима турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<