Тепловоз бен автокөлік соқтығысты

657

0

Қызылорда облысында жеңіл көлік тепловозбен соқтығысып, жарақат алған бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 29 мамырда сағат 14:14 шамасында болды. Сол уақытта Арал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторынан хабарлама түскен. Онда Қамыстыбас елді мекенінің тұсында реттелмейтін (кезекшісіз) теміржол өткелінде ВАЗ автокөлігі жол ережесін сақтамай, тепловозбен соқтығысқаны айтылған.

«Бұл оқиға Арал аудандық полиция бөлімінің ақпараттарды есепке алу кiтабына тіркелді. Тексеру барысында Қамыстыбас елді мекенінің тұрғыны бір жолаушысымен теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасына ұшырағаны анықталды. Көліктің жолаушысы жеңіл дене жарақатымен Қазалы аудандық ауруханасына жатқызылды. Автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 607-бабы және 610-бабымен хаттама рәсімделді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<