Тергеу жүргізілуде: Қызылордада жол апатынан бір адам көз жұмды (видео)

772

0

Қызылордада жол апатынан бір адам көз жұмды. Полицейлер жол апаты бойынша тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz

6 қазан күні сағат 18:30 шамасында Қызылорда қаласы Ж.Махамбетов ауылының тұсында Самара – Шымкент автомагистральды тас жолында белгіленбеген жерді кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні SCANIA жүк автокөлігі қаққан. Салдарынан 32 жастағы азаматша оқиға орнында көз жұмды.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  Қызылорда облысының полицейлері жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де жолда барынша сақ болуды ескертеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<