«Титан» батискафын иеленген OceanGate компаниясы барлық әлеуметтік желідегі аккаунттарын өшірді

475

0

Фото: Instagram @oceangaте

Компания сайтында бұған дейін оның зерттеу және коммерциялық қызметін тоқтатқаны туралы хабарлама жарияланған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат реселік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Титан» батискафын иеленуші OceanGate компаниясы барлық әлеуметтік желідегі парақшаларын өшірді.

Бұған дейін OceanGate Expeditions компаниясының Facebook, Instagram, Twitter және LinkedIn желілерінде парақшалары болған еді. 14 шілде күні оның бәрі өшірілген.

Бұған дейін ҚазАқпарат 19 маусым күні «Титаник» кемесі суға батқан аймаққа сапар жасайтын «Титан» сүңгуір аппараты Атлант мұхитында жоғалып кеткенін хабарлаған еді.

22 маусымда АҚШ-тың Жағалау қызметі жоғалған «Титан» батискафын іздеу аумағында қирандылар табылғанын мәлім етті. Кейін сүңгуір аппараты тиесілі OceanGate компаниясы мәлімдеме жасап, батискафта болған экипаж қаза болғанын хабарлады.

Батискаф бортында 5 адам болды: 58 жастағы британдық бизнесмен әрі зерттеуші Хэмиш Хардинг, 48 жастағы бизнесмен, пәкістандық Шахзада Давуд пен оның 19 жастағы ұлы Сулеман, OceanGate компаниясының 61 жастағы директоры Стоктон Раш және 77 жастағы француздық зерттеуші Поль-Анри Наржоле.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<