Тілдер күніне арналған семинар

316

0

Тілдер күні – біздің шексіз Қазақстанның барлық азаматтарының достық, туыстық және бірлік белгісі. Халықтар достығы – Қазақстан Республикасының негізі және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанды үшінші жаңғырту: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты республикалық халыққа Жолдауының басымдықтарын жүзеге асырудың жолы. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәжіліс залында Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу аясында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты семинар өтті.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы Құлдықова Ақмарал баяндама жасады және қазақ тілінің тарихын мемлекеттік тілдің қалыптасу мәртебесін ашты.

Ол өз сөзінде Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен халық өкілдері, 17 миллионнан астам адам тұратын, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады, ал орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен бірге қолданылады. Мемлекеттік тілге үлкен көңіл бөлінгеніне қуанамын, ал бүгінгі байқау – бұл ең жақсы дәлел екендігін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының қызметкерлері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің тарихы» атты кітапшаны дайындап, көрмені ұйымдастырды. Мұнда қазақ тіліндегі сөздіктер мен сауаттылық кітаптары жинағы көрсетілді.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<