12-14 қыркүйек аралығында Алматы қаласында ТМД-ға мүше елдердің жастар форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қоғамдық даму министрлігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.
Форумға жастар ұйымдарының өкілдері, жас кәсіпкерлер, еріктілер, мемлекеттік органдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, Әзірбайжан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан келген шығармашылық жастар қатысады. Іс-шараның бірінші күнінде (12 қыркүйек) Қазақстан-Ресей жастар ынтымақтастығы күніне арналады, оның аясында жастар саясатын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланады. Бұдан басқа, Қазақстан мен Ресейдің жастар ұйымдары арасында меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр.
Іс-шараның мақсаты – коммуникативтік пікірталас алаңын құру және ТМД-ға мүше елдердің жас көшбасшылары арасындағы мәдениетаралық диалогты қалыптастыру, жастар ұйымдары мен жас көшбасшыларды біріктіру; 13 қыркүйекте ТМД мүше елдерінің жастар форумының ресми ашылуы өтеді, сондай-ақ ұлттық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Қазіргі заманғы туризмнің трендтері», «Еріктілік – өмір салты», «Жастар және бизнес», «Ақпарат ағындарындағы жастар» тақырыптарында пікірталастық алаң жұмысы ұйымдастырылады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<