Тоғызқұмалақтан аудан біріншілігі өткізілді

186

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Бүгін «Наурызнама» онкүндігі бойынша Ұлттық спорт күні. Осыған орай мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан аудан біріншілігі өткізілді.

Аудандық оқушылар үйінде өткен біріншілікті аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Б. Махатов ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте №71 орта мектебі жүлделі I орынды жеңіп алды. Сонымен бірге №62 мектеп-лицейі жүлделі II орынды, №83 орта мектебі III орынды иеленді.

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<