Толмачев атындағы сыйлықты иеленді

354

0

 Республикалық қо­ғам­­­дық-саяси «Экспресс К» газетінің редакциясы отандық жур­на­листиканың үздіктеріне белгілі журналист әрі жазушы Геннадий Толмачев атындағы сыйлықты табыс етті.

Елімізде ғана емес, бүкіл ТМД кеңістігінде теңдесі жоқ сыйлықтың лауреаты атанғандар қатарында Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетін басқарған жазушы-журналист Жақсылық Рахматулла да бар. Ол «Қазақстан редак­торлық корпусының аңыздары» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Бұл номинацияны қазылар алқасы 2016 жылы енгізуді ұйғарған еді.

Ал аталған сыйлық Қазақстан Журналистер одағының қолдауымен 2007 жылдан бастап беріліп келеді. Бүгінге дейін конкурсқа республикалық, облыстық, қалалық, аудандық газеттердің 66 журналисі қатысып, соның 28-і Геннадий Толмачев атындағы сыйлыққа ие болды.

Биыл дараланғандардың бірі, жерлесіміз Жақсылық Рахматулла журналистикадағы еңбек жолын Жаңақорған аудандық «Коммунизм жолы» газетінде бастап, облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы»), Сырдария аудандық «Сырдария» газеттерінде жалғастырды. 1996-2008 жылдар аралығында облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы міндетін атқарды. Біраз жыл Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының облыстық филиалын басқарды. Бүгінде құрметті еңбек демалысында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<