«Тоқаевты сағындым»: желіні жаулаған үш жасар балаға президент атынан сыйлық берілді 

4

0

фото: Астана қаласының әкімдігі

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіреткен кішкентай Әміре Астана қаласының әкімімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бүлдіршінге ерекше құрмет көрсетілді.

Жақында ғана Астанадағы LRT желісіне алғаш рет мінген сәті таспаланған бейнеролик желіде кеңінен тараған еді. Бейнебаян кейіпкері – үш жасар Әміре көліктің өзін тікелей ел президентімен кездесуге апаратынына бала көңілімен, шынайы сенген еді. Тіпті видеода «Тоқаевты сағындым» деп көз жасына ерік берген сәті мыңдаған қазақстандықтың жүрегін елжіретіп, оның кіршіксіз көңілі мен аңғалдығы көпшілікті тәнті етті.

Президенттің сыйлығы

Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Әміремен кездесіп, оған Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты мен естелік сыйлықтары салтанатты түрде табыстады.

«Мұндай сәттер арманыңа қанат бітіріп, жақсылыққа сенуді, өмірдің әрбір қарапайым сәтіне балаша қуана алу қасиетін жоғалтпау керектігін тағы бір мәрте еске салады», – деді Жеңіс Қасымбек.