
Аудандағы құрылысқа жауапты мамандардың айтуынша, бұл жерге 500-ге жуық үй түседі. Қазір онда 10 пәтерлі екі қабатты 2 қызметтік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жақында тағы да 2 қабатты 92 пәтерлі 14 үйдің іргетасы қаланбақ. Одан бөлек, 1 қабатты 30 үй бой көтереді. Қазына қаржысына салынған жаңа баспаналар аудандық әкімдікте үй кезегінде тұрған жас мамандар мен жас отбасыларға, мұғалімдер мен дәрігерлерге және ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне беріледі. Ал екінші ауданның құрылысына 60 гектар жер бөлінген. Онда 200-ден аса жер теліміне инфрақұрылым тартылған. Ал қалған жер телімдері жекеменшік үй салушыларға беріледі. Жалпы Созақ ауданында жер теліміне кезек жоқ. Жаңа салынып жатқан үйлердің барлығына жергілікті құрылыс материалдары пайдаланылады. Әнуарбек Асылбеков, Созақ аудандық құрылыс бөлімінің басшысы: – Мердігер мекемелерге негізінен отандық өнімдерді пайдалану тапсырылды. Мына көріп отырғандарыңыздың бәрі отандық плиталар. Біздің ауданда мынандай 2 қабатты 3 үй салынатын боп брілген. 2-уі осы Шолаққорғаннан, 1-уі Созақ ауылынан. Бұларғға бөлніген қаржы 155 млн теңге 3 үйге.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<