Тәртіп сақшысы түнде жолда қалғандарға көмектескен

242

0

Қызылордалық тәртіп сақшысы жолда қалып қойған көлік жүргізушісі мен оның жолаушыларына көмек көрсетті.
Жаңақорған ауданы Бесарық ауылының тұрғыны Назымкүл Калхозова 4 наурыз күні түнде ұлымен бірге «Газель» көлігімен жолға шыққан. Кенет ауа райы бұзылып, күн қатты суытады. Техникалық ақау салдарынан темір тұлпар Жаңақорған-Шалқия тас жолының бойында қалады. Түн іші, көмекке келер ешкім жоқ. Өздері де қатты тоңа бастайды. Қайдан көмек сұрайтынын білмей тұрғанда автокөлікпен келе жатқан полиция қызметкері тоқтап, қолұшын береді.
Осыған байланысты Назымкүл Калхозова аудандық полиция бөліміне келіп, учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Марат Исмайловқа алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<