ТҰРҒЫНДАРҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ

96

0

  Дүниежүзілік Артериялық гипертониямен күрес күніне орай 10-16 мамыр аралығында «Артериялық қан қысымыңызды бақылай отырып, өміріңізді басқарыңыз!» ұранымен №1 қалалық емханаға қарасты «Айтбек» сауда орталығында  кең көлемді акция өтті. 

Мамандар тұрғындардың қан қысымын өлшеп, қандағы холестерин мен қант деңгейін тексеріп, дене салмағы мен бойын анықтап, дәрігерлік-медициналық кеңестер беріп, ақпараттық-танымдық материалдар таратты.

Адам бұл дертке шалдыққанын білу үшін жүректі электрокардиографияға түсіруі, қандағы қант пен холестерин мөлшерін анықтауы, кардиолог, окулист, невролог, эндокринолог дәрігерлердің кеңесіне жүгінуі керек. Артериялық қан қысымын өлшеу, кейде тіпті белгілері білінбейтін гипертензияны анықтаудың негізгі әдісі болып табылады.

Аурудың  алдын алу жолдарының маңызы зор. Бұл дертке шалдыққан жағдайда май тұтынуды азайту керек. Зиянды әдеттерден аулақ болған жөн.

Индира АХМЕДОВА, 

№1 қалалық емхана СӨСҚ маманы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз