Түгіскендік гандболшылар ел біріншілігінде күміс алды

655

0

Шымкент қаласында 2007 жылы туылған және одан кіші жасөспірім қыздар арасында гандболдан Қазақстан чемпионаты аяқталды.


Алты күнге созылған додада Қызылорда облысының намысын қорғаған Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінің #8 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары күміс жүлдені иеленді.


Команда құрамында ойнаған спортшылар осы жүлдесі арқылы «Спорт шеберіне үміткер» нормативін орындады.
Гандболдан бірінші дәрежелі жаттықтырушы Құнанбай Салыбековтің дайындаған Түгіскен спорт мектебінің 2005 жылы туылған жасөспірім қыздар командасы 2019 жылы Қарағандыда өткен ел чемпионатында қола жүлдені еншілеген болатын.


2015 жылы Түгіскен спорт мектебінде гандбол бөлімшесі ашылып, жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда мектепте 64 спортшы гандболмен шұғылданады. Айтулы спорт мектебінің гандбол бөлімшесінің спортшысы Жанерке Сейітқасым Қазақстан Ұлттық құрама командасы сапында өнер көрсетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<