31 шілдеден бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы кіреді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, әуе компаниясы Алматы — Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды.
Ұшақтар аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 әуе кемелерімен қатынайды.
Ведомствоның хабарлауынша, жаңа бағыт Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын кеңейтіп, екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік, іскерлік және мәдени байланыстарын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстаннан Қытай мен Өзбекстанға жаңа рейстер ашылатынын хабарлағанбыз.
Сонымен қатар Арқалық әуежайы алғашқы рейсті қабылдауға дайындалып жатқанын жазғанбыз.






