Түркістан облысында екі баласын өлтірген анаға қатысты сот отырысы басталды

137

0

Сурет: pexels

Түркістан қаласында екі баласын тұншықтырып өлтірген анаға қатысты сот отырысы басталды. Облыстық Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатқан сотқа айыпталушының күйеуі жәбірленуші тарап ретінде қатысты.

Прокурорлардың мәліметінше, 30 жастағы келіншек Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде бастауыш сыныбының мұғалімі болып істеген.

Ол ауыр қылмысты күйеуіне ренжігені үшін жасаған. Күйеуімен ұрсып қалғаннан кейін Түркістан қаласына барып, үш және төрт жасар ұлы мен қызын ойын орталығына апарады.

Артынша жалдамалы пәтерде балаларын ұйықтатып, тұншықтырып өлтірген, деп жазады qazaqstan.tv.

Таң атқан соң Шымкент қаласына қашып кеткен. Сотта айыпталушының адвокаты істі қарамас бұрын келіншекке тағы бір психиатриялық сараптама тағайындауды сұрады.

«Жас баласын ешқандай ана өлтіруі мүмкін емес. Ол үлкен сұрақ. Қоғамның алдында тұрған үлкен мәселе. Осыған қатысты. Бұл бір емес, екі емес бірнеше рет кешенді сараптамадан өтсе дұрыс деп түсінеміз. Жан-жақты сот психиатриалық сараптама тағайындауыңызды сұраймыз», – айыпталушының адвокаты Айнагүл Рүстемова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<