Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарда

551

0

Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Аманкелді ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде әдеттегідей алдымен ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша айтып өтіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Кездесуде елді мекендегі бірқатар ұсыныс-пікірлер тыңдалып, аудан әкімі тұрғындар тарапынан бұған дейін де айтылған мәселелер назарда тұрғанын атап өтті.

Ауыл тұрғындарының көтерген ұсыныстарының барлығы орынды екенін айтып, аталған мәселелер бойынша тұрғындарға нақты жауап берді.

Жиын соңында ауыл тұрғындары ауданда атқарылған игілікті істерге ризашылықтарын білдіріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<