Әлемдегі ең жақсы арал – Индонезиядағы Ява аралы, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі moya-planeta.ru сайтына сілтеме жасап.
Саяхатшылар ең жақсы аралдар қатарына индонезиялық Ява, Бали және Ломбок аралдарын, сондай-ақ Мальдиви мен Жаңа Зеландиядағы Уаихеке аралдарын атады.
Travel & Leisure басылымы жүргізген сауалнама бойынша, туристер ең жақсы арал ретінде Индонезиядағы Ява аралын белгілеген.
Сауалнамаға қатысушылар ол аралдағы сарқырамаға, жанартауға және ақ құмды жағалауларына тамсанатындарын айтқан. Сондай-ақ, туристер аралдағы байырғы шіркеулер мен қонақүйлердің қызмет көрсету сапасы жақсы екенін айтқан.
Үздік 3 аралға Индонезиядағы басқа да аралдар кірген. Рейтинг бойынша екінші орында Бали, ал үшінші орында Ломбок аралы тұр.
Одан кейінгі орында Мальдиви мен Уаихеке аралдары тұр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<