Уақыт белдеуін кері қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр

316

0

Уақыт белдеуін кері қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мәлімдеді.
«Облыс тұрғындарын алаңдатып отырған мәселе – уақыт белдеуі. Бұл бойынша Индустрия және даму министрлігімен толық жұмыстар жүргізілді. Қызылорда облысының бұрынғы уақыт белдеуін кері қайтару туралы олардың келісімін алып отырмыз. Қазіргі жұмыс Үкіметтің канцеляриясына ауысты. Құдай қаласа, биылғы жылы Қызылорданы өзінің уақыт белдеуіне қайтару жұмыстарын толық жүзеге асырсақ деген жоспарымыз бар. Аймақ басшысы өзінің тікелей бақылауында ұстап отыр. Жалпы, Қызылордада уақыт белдеуі негізінен Меридиан бойынша 2 сағат 38 минутқа айырмашылық барын ғалымдар дәлелдеді. Осыған орай жұмыстар жүргізілуде», – деді Р.Рүстемұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<