
Хернинг қаласында өткен ойын 0:0 есебімен аяқталды. Ойыншылар гол соғып, көзге түскен жоқ. Естеріңізде болса «Астана» өз алаңында өткен алғашқы ойында «Мидтьюлландты» 2:1 есебімен ұтқан болатын. Ол ойында елордалық ұжым сапында Ласло Кляйнхайслер дубль жасаса, дат командасы қатарынан Густав Викхейм бір голды еншісіне жазған-ды. Астана үшінші іріктеу кезеңіне шығу арқылы жарты миллиард теңгені қанжығасына байлады.
ЕЧЛ үшінші іріктеу раундының жұптары:
«Астана» (Қазақстан) – «Динамо» (Хорватия) «Селтик» (Шотландия) – АЕК (Грекия) «Зальцбург» (Аустрия) – «Шкендия» (Македония) «Црвена Звезда» (Сербия) – «Спартак»(Словакия) «Карабах» (Әзербайжан) – БАТЭ (Беларусь) «Мальме» (Швеция) – «МОЛ Види» (Мажарстан) «Стандард» (Бельгия) – «Аякс» (Голландия) «Бенфика» (Португалия) – «Фенербахче» (Түркия) «Славия» (Чехия) – «Динамо» (Украина) ПАОК (Грекия) – «Спартак» (Ресей).
Дереккөз: massaget.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<