Үйден дауыс берген сайлаушылар тасымалданатын жәшік арқылы дауыс берді

488

0

Пилоттық режимде өтіп жатқан Сырдария және Шиелі ауданы әкімдерінің сайлауына қатысып жатқан халықтың белсенділігі жоғары.
Таңсәріден учаскелерге ат басын тіреген сайлаушылар маңызды науқаннан тысқары қалмай, бірлік танытты.

Тұрғындар Президент бастамасын қолдай отырып, аудан әкімі болуға үмітті кандидаттарға дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
Бүгінгі күні екі аудан бойынша 72 мыңнан аса сайлаушы тіркелген.

Ал, дауыс беру учаскесіне келе алмаған азаматтар алдын ала өтініш білдірді. Олардың саны – 718. Сырдария ауданында – 374, Шиелі ауданында 344 адам.

Есту, көру қабілеті төмен сайлаушылар үшін арнайы траферет және аудиоматериалдар қолжетімді болды.

Ал, қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін бірнеше инватакси қызмет етеді. 2 аудан бойынша 5 инватакси сайлаушылар үшін жұмыс жасауда.

Айта кетейік, Сырдария ауданында 18, Шиеліде 40 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Онда 388 комиссия мүшесі қызмет атқарады.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<