Үйін қарасора өсіретін фитозертханаға айналдырған

207

0

Фото: Polisia.kz

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды. 

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, тінту кезінде полицейлер екі бөлмелі пәтерден салмағы 12,5 келі болатын қарасора бұталарын тәркілеген. Мұнда жарық және диодты шамдар, термометрлер, желдеткіштер, ылғалдылықты өлшеу құралдары сынды арнайы жабдықтар болғаны анықталды. Полиция қызметкерлері екі ер адамды ұстады.

— Фитозертхана құрамында есірткі заттары бар қарасора өсіруге арналған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, — деп атап өтті басқарма бастығы Нұржан Ахметов. 

Адамдардың өзге де қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады. Қарасора өсіргені үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары қылмыстық жаза қарастырылатынын еске сала кеткен жөн.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<