Ұялы байланыс операторлары сапасыз интернет үшін 10 миллион теңге айыппұл төлейді

209

0

Сурет: freepik

Рудныйдағы сапасыз интернет үшін ұялы байланыс операторлары жауапқа тартылды. Бұл туралы бүгін, 2024 жылдың 14 ақпанында Рудный қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рудный қаласының прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернетке қол жеткізу сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтады.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұлдарға тартылды, сондай-ақ олардың атына бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді», – деп жазылған ресми ақпаратта.

Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтары қорғалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<