Ұлттық спорт түрінен турнир өтті

236

0

17 қараша – Студенттер күніне орай, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында «Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Садақ ату» ұлттық спорт түрінен турнир өтті. «RUH» спорт клубында өткен сайысқа қаламыздың оқу орындарынан 50-ге жуық студенттер қатысып бақ сынады.

Сайыс қорытындысы бойынша ерлер арасында І орынды Қорқыт ата университетінің 1 курс студенті Ақәділ Пернебай, ІІ орынды «Өркениет» медициналық колледжінің 2 курс студенті Бекзат Есенбек және ІІІ орынды «Өркениет» медициналық колледжінің 3 курс студенті Еркебұлан Джусунов жеңіп алса, қыз балалар арасында І орын «Өркениет» медициналық колледжінің 3 курс студенті Айымжан Жамбылға, ІІ орын М. Маметова атныдағы Қызылорда педагогикалық колледжінің 3 курс студенті Балтабай Сүйкімге және ІІІ орын Қорқыт ата университетінің 1 курс студенті Айсулу Алимхановаға бұйырды.

Шараға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Саяси жұмыстар бөлімінің басшысы Гаухар Исмаилова мен партияның Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мусаева қатысып, жеңімпаздарға алғыс хат, медаль және «RUH» спорт клубында тегін жаттығуға арналған сертификаттарды табыстады.

Шараның мақсаты «салауатты өмір салтын сақтау, оларды басқаларға үлгі ету, ұлттық спорт түрлерін жастар арасында насихаттау», – дейді ұйымдастыру алқасының төрағасы, «Жастар рухы» облыстық филиалының төрағасы Әсет Баймырза.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<