«Ұшқыр қалам» иелеріне құрмет көрсетілді

626

0

Бүгін жылдағы игі дәстүрге сәйкес, 28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күніне орай «Ұшқыр қалам – 2022» атты мерекелік шарасы өтті.

Айтулы күннің құрметіне орай, қала әкімі Асылбек Шаменов қоғамдық-ақпараттық саланы шебер меңгерген бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, алғысын жеткізді.

Мерекелік шарада Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, белгілі ақын Дүйсенбек Аяшұлының асқаралы 60 жасқа толуына орай қала әкімі сый-құрметін көрсетіп, иығына шапан жапты.

Сонымен қатар, мерекелік шараның тартуы ретінде сала үздіктері арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Шара барысында Сыр елінің белгілі өнерпаздары мен «Мереке» вокалды-аспапты ансамблі әннен шашу шашып, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<