Құрылтай

Вафлиге салған: қызылордалық түрмедегі танысына есірткі алып өтпек болған

5

0

Фото: Polisia.kz

Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеушіге танысы тыйым салынған затты сәлем-сауқат арасына жасырып алып өтпек болған.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, мекеме қызметкерлері азық-түлік өнімдерін белгіленген тәртіппен тексеру барысында вафлидің арасына жасырылған жасыл түсті, өзіне тән иісі бар белгісіз затты анықтады.

– Аталған дерек бойынша жедел тергеу тобы шақыртылды. Тәркіленген затқа сот-химиялық сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес оның жалпы салмағы 11 грамм есірткі екені анықталды. Бүгінде Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр, – делінген хабарламада.